IJF рейтингінде қазақстандық екі дзюдошы үздік ондыққа енді

616

23-25 қазан күндері Будапеште өткен әлемдік Grand Slam жарысының жеңімпазына әлем рейтингіне 1000 ұпайдан қосылды. 

IJF рейтингінде қазақстандық екі дзюдошы үздік ондыққа енді

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) әлемдік Grand Slam жарысынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

26 қазан күні жаңартылған IJF рейтингі бойынша қазақстандық екі татами шебері үздік ондыққа ілінген. Атап айтқанда, дзюдодан Қазақстан құрамасының үздігі Елдос Сметов әлем рейтингінде 4-орында болса, оның командаласы Ғұсман Қырғызбаев 7-орынға жайғасқан. 

Әлемдік рейтингтегі қазақстандық спортшылар келесідей орындарға жайғасқан (ТОП-50): 

60 кг

Елдос Сметов – 4-орын (5018 ұпай)

Ғұсман Қырғызбаев – 7 (4080)

66 кг 

Ерлан Серікжанов – 11 (3135)

 Елдос Жұмақанов - 23 (2179)

73 кг

Жансай Смағұлов – 25 (2402)

81 кг

Дидар Хамза - 29 (1830)

Руслан Мұсаев - 48 (916)

90 кг

Ислам Бозбаев - 20 (2446)

-100 кг

Айбек Серікбаев - 47 (893)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев - 37 (1151)

Айта кетерлігі, 23-25 қазан күндері Будапеште өткен әлемдік Grand Slam жарысының жеңімпазына әлем рейтингіне 1000 ұпайдан қосылды. Екінші орын иегері 700 ұпайдан еншілесе, үшінші орын алған спортшылар 500 ұпайға иелік етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу