IKEA тауар тапшылығы болатынын мәлім етті

854

Өткен қаржы жылында Inter IKEA пандемиядан кейін рекордтық сатылымға қол жеткізген еді.

IKEA тауар тапшылығы болатынын мәлім етті

Швециялық жиһаз және үй өнімдерін өндіретін IKEA компаниясы жеткізілім тізбегіндегі дағдарыс салдарынан 2022 жылдың тамызына дейін тауар тапшылығы болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Көлік контейнерлерінің жетіспеушілігі және порттардың лық толы болуы бүкіл әлем бойынша бөлшек сауда логистикасын қиындатып отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, мәселені шешу үшін көп сатылатын тауарларды өндіру туралы шешім қабылданған.

"Ең басты мәселе – өнімді Қытайдан жеткізу, ондағы мүмкіндіктер қазір өте шектеулі", – деді Inter IKEA басшысы Джон Абрахамссон Ринг.

Соңғы алты айда көлік пен шикізаттың қымбаттауы шығынның артуына әкеліп соққан.

"Біз IKEA-ны одан да қолжетімді еткіміз келеді", – дейді Абрахамссон Ринг. 

Өткен қаржы жылында Inter IKEA пандемиядан кейін рекордтық сатылымға қол жеткізді. Табыс көлемі 5,8%-ға (48 миллиард долларға дейін) өскен болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу