iKOMEK 109 мобильді қосымшасы іске қосылды

1179

iKOMEK 109 қосымшасын PlayMarket-тен немесе Apple store-дан жүктеп алуға болады.

iKOMEK 109 мобильді қосымшасы іске қосылды

Астанада iKOMEK 109 мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астана қаласы әкімдігінің iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына өтініш беруге арналған iKOMEK 109 мобильді қосымшасын іске қосылғанын хабарлады.

Қосымшада өтінішті жіберіп, картадан мекенжайды көрсетіп, фотоматериалдарды тіркеуге болады.

Мұнан басқа, мобильді қосымшада Астананың тыныс-тіршілігі туралы өзекті ақпаратты, атап айтқанда, жоспарлы-жөндеу жұмыстары, жолдардың, тасжолдардың жабылуы, мектептерде сабақ болмайтыны және басқа да маңызды хабарландыруларды таба аласыз. Ақпарат секунд сайын жаңарып отырады.

iKOMEK 109 қосымшасын PlayMarket-тен немесе Apple store-дан жүктеп алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу