Астана қаласының цифрлық сервистерін жаңғырту аясында 1 қаңтардан бастап iKomek109 қолданыстағы мобильді қосымшасы арқылы өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Жаңартылған мобильді қосымша іске қосылғанға дейін өтініштерді iKomek109 Telegram чат-боты арқылы, 109 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып (қалалық және ұялы телефондардан), Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты – www.gov.kz, 109@ikomekastana.kz электрондық поштасы, сондай-ақ iKOMEK109-тың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жіберуге болады, – делінген ақпаратта.
Астана қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы уақытша қолайсыздықтарға байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытуды сұрап, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.