iKOMEK109 жаңа қызметті іске қосты

1002

Бірыңғай байланыс орталығына 1-0-9 қысқа нөмірі арқылы берілген өтініштер бойынша СМС-хабарландыру қызметі іске қосылды.

iKOMEK109 жаңа қызметті іске қосты

iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы елорда тұрғындарымен және қонақтарымен кері байланыс қызметін жақсарту мақсатында Бірыңғай байланыс орталығына 1-0-9 қысқа нөмірі арқылы берілген өтініштер бойынша СМС-хабарландыру қызметін іске қосады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш СМС-хабарландырулар тұрғындарды өтініштердің орындалуы туралы уақытылы хабардар етеді. 

"Өтініштің атқарылу дәрежесін егжей-тегжейлі қарау үшін қаланың iKOMEK.city порталына өту қажет. Өтініш шешімімен танысқаннан кейін тұрғынға пікір қалдырып, орындалған жұмыстар сапасын бағалау ұсынылады. Сонымен қатар, әрбір өтінішке кіру коды келеді, ол уақыт өте келе оның орындалу дәрежесін қайта қарауға мүмкіндік береді. Ол үшін портал арқылы өтініштің SD мен кіру кодын енгізіп, атқарылу дәрежесін тексеру қажет. Бұл жаңашылдық 1-0-9 қысқа нөміріне ұялы телефоннан қоңырау шалу арқылы өтініш беруді жөн көретін тұрғындарға өтініш бойынша шешіммен онлайн режимде танысуға мүмкіндік ұсынады",– делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өтінішті балама көздер (WhatsApp және Telegram чат-боттары, iKOMEK109 мобильді қосымшасы немесе елорда әкімдігінің сайты) арқылы берген жағдайда, оның орындалу дәрежесі туралы хабарландыруларды тұрғындар автоматты түрде алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу