Іле-Алатауы табиғи паркінде алғашқы визит-орталық ашылды

1293

2021 жылдың 14 қаңтары күні Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғашқы визит-орталықтың таныстырылуы өтті. 

Іле-Алатауы табиғи паркінде алғашқы визит-орталық ашылды

Визит-орталық келушілерге ұлттық парк туралы барлық ақпараттарды ұсынып, ағарту және білім беру бағытында жұмыс істейді. 

Орталықтың модулі экологиялық материалдардан – ағаш конструкцияларынан жасалған. Оның іргетасын қалау үшін бетон қолданылмаған, орнына металл байлауы бар геобұрандалардан құрастырылды. Жобаны танымал сингапурлық компания мамандары әзірлеген. Ғимарат Аюсай шатқалының ландшафтына үйлесіп тұр. 

Еске сала кетсек, Алматының тау бөктерінде орналасқан нысанның құрылысы былтырғы жылдың маусым айында басталған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары өткен жылдың үшінші тоқсанында аяқталуға тиіс еді. Алайда карантин шектеулерінің салдарынан жоспарды сәл шегеруге тура келіпті.

Құралай Құдайберген

Фото: ktk.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу