Іле Алатауы табиғи паркінің аумағы кеңейеді

977

Іле Алатауы табиғи паркінің аумағы кеңейеді

"Көкжайлау" тау курортын дамытуға қатысты өткен көшпелі жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Іле Алатауы табиғи паркінің қорына 100 гектар жерді қайтаруды тапсырды.

"Almaty Mountain Resorts" ЖШС директоры Наиль Нуров алғашқы нұсқасымен салыстырғанда курорт жобасының екі есе оңтайландырылғанын айтты.

"Құрылыс алаңы 10 есе қысқарды, 300-ден 30 мың шаршы метрге дейін. Шаңғы трассалары 77-тен 18-ге дейін азайды, олардың басым көпшілігі шаңғы тебуді үйренушілерге арналған. Қонақүйлердегі орын саны 6,5 мыңнан 250 орынға қысқарған. Трассаларға жасанды қар төгетін екі өзеннің біреуі ғана қалды. Осыған орай біз бөлінген 1002- гектар жердің 100 гектарын босаттық. Мүмкін, босаған жерлер көлемі болашақта ұлғаятын шығар", - деді Наиль Нуров.

Мегаполис басшысы босаған жерлерді Іле Алатауы ұлттық табиғи паркіне қайтару туралы мәселені жедел қолға алуды тапсырды.

Айта кетерлігі, жобаның жаңарған техникалық-экономикалық негізі биылғы жылы аяқталады. Осыдан соң оны көпшілік талқысына салу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу