Іле Алатауы ұлттық паркі толықтай қолма қол ақшасыз төлем жүйесіне көшпек

2927

9 тамыздан бастап көрікті мекенге кіру құнын төлеу Kaspi.kz пен Qiwi жүйелері арқылы жүзеге асырыла бастады.

Іле  Алатауы ұлттық паркі толықтай қолма қол ақшасыз төлем жүйесіне көшпек

"Тамыздың соңынан бастап Іле  Алатауы ұлттық паркіне кірушілер қолма қол ақшамен есеп айырыса алмайды",- деп хабарлады ұлттық парк баспасөз қызметі.

"Сонымен қатар, келушілерді кіргізу бекетінде  банк карталары арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін POS терминалдар бар. Жаяу серуендеушілерге Оңай картасы арқылы төлем жасау жолдарын ойластырып жатырмыз",- дейді Ұлттық парк баспасөз қызметі.

Сондай –ақ, парк әкімшілігі тамыз айының соңынан бастап толықтай төлем жүйелеріне өтетінін, қолма қол есеп айырысу болмайтынын атап өтті.

Айдың соңына дейін ТОО "Көркем Телеком" жасаушылар бұл операцияларды тест режимінде сынап,баптауларын реттейді. Әрі келушілерге ыңғайлы болу үшін қосымша төлем түрлерін де ойластырады".

Естеріңізге салсақ, бұл төлем жүйесін енгізу туралы алғашқы болып Facebook парақшасында қала әкімінің бұрынғы орынбасары - Ерлан Аукенов жазған еді. Оның пікірінше, қолма қол ақшасыз есеп айырысу қаржыны көлеңкелі айналымнан шығарады. Болашақта түсетін қаржының барлығы Іле Алатауы ұлттық паркін дамытуға жұмсалады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу