Іле-Алатауы ұлттық паркінде бақылау жүйесі автоматтандырылды

346

Жаңа жүйенің ерекшелігі – көліктің нөмірін автоматты түрде оқып, QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді.  

Іле-Алатауы ұлттық паркінде бақылау жүйесі автоматтандырылды Фото: sxodim.com

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бақылау-өткізу бекеттерінде автоматтандырылған жүйе кезең-кезеңімен іске қосылады, деп inbusiness.kz сайты. 

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, демалыс күндері Алмарасан мен Аюсай шатқалдарына ағылатын автокөліктердің саны артып, ұзын-сонар кезек пен кептеліс туындайтын. Осы мәселені шешу үшін жаңа жүйе іске қосылды. Енді автокөлік жүргізушілері алдын-ала төлем жасап, кедергісіз өте алады.

"Автоматтандырылған жүйе Алмарасан, Қаскелең, Бұтақты және Түрген шатқалдарында іске қосылды. Жақын уақытта Есік көлі және Ақсай шатқалында да орнату жоспарда бар. Бұл – келушілер үшін қолайлы жағдай жасау, әрі көлік қозғалысын реттеуге бағытталған маңызды қадам", – деп хабарлады ұлттық парк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу