Іле Алатауындағы қар барысы спутник арқылы бақылауға алынды

120

Жыртқышқа спутниктік қарғыбау орнатылды.  

Іле Алатауындағы қар барысы спутник арқылы бақылауға алынды Фото: undp.org

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қар барысын қорғау және бақылау мақсатында жыртқышқа арнайы қарғыбау орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жақында Үлкен Алматы шатқалында жемтігін жеп жатқан жыртқыш туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті. Келесі күні бұл жерге келушілер саны арта түскен. Парк әкімшілігі мұндай әрекеттер жануар үшін күйзеліс тудырып, адамдардың қауіпсіздігіне де қауіп төнгенін айтады. Осыдан кейін мамандар қар барысын қорғау және ықтимал қауіптің алдын алу мақсатында оны уақытша аулау туралы шешім қабылдаған. Жануарға қысқамерзімді наркоз беріліп, спутниктік қарғыбау тағылған.

Сондай-ақ денсаулығын бағалау үшін биоматериалдар алынды. Барлық рәсім халықаралық ветеринариялық және этикалық стандарттарға сай жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу