Қадағалау қызметі шеңберінде ауданы 4,2 га жер учаскесін жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.
Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.
Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден астам даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу