Іле-Балқаш резерваты аумағында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

444

Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылды.

Іле-Балқаш резерваты аумағында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда Фото: ҚР ТЖМ

Өртті сөндіруді бірнеше жылдар бойы қалыптасқан тереңдігі 1,5 метрге дейінгі қамыс қалдығы қиындатады, онда авиацияны қолдана отырып өртті сөндіруге қарамастан, жану жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өрт автотехникасының өтуі мүмкін емес және өрт орнына жету қиын болғандықтан, қол құралдарын: хлопушкаларды, мотопомпаларды және шанц құралдарын пайдалану арқылы өрт жер үсті тәсілімен сөндірілуде", делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, жел бағытын ескере отырып, өрт ошақтарын қарама-қарсы өртпен сөндіру әдісі қолданылады. Қазавиақұтқару тікұшағы су ағызу құрылғысын қолдана отырып, су төгуді жалғастыруда.

Өртті сөндіруге 80 адам және 22 техника жұмылдырылды.

Бүгін, 29 шілде "Қазавиаорманқорғау тікұшағымен резерваттағы жағдайды айналып ұшып бағалау және жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіру үшін десант жеткізілетін болады.

Өрттің жалпы аумағын резерват қызметкерлері анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу