"Іле-Балқаш" резерватына Қызыл кітапқа енген бұқар бұғысы әкелінді

845

Резерваттағы бұл бұғылардың саны 150 басқа жетті.

"Іле-Балқаш" резерватына Қызыл кітапқа енген бұқар бұғысы әкелінді

Мемлекеттік табиғи резерватқа тағы да бұқар бұғылары жіберілді. Қарашеңгел аңшылық шаруашылығынан "Іле-Балқаш" резерватының аумағына 61 бұғы әкелінді. Қазір аталмыш жануардың жалпы саны – 150 басқа жетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жануарлардың қозғалу аумағын бақылау мақсатында, олардың жіберілген жеріне 6 фототұзақ орнатылған. Сондай-ақ үш бұғыға GPS сезбек орнатылған қарғыбау тағылған. Құрылғының жануарларға еш зияны жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл бұқар бұғыларының "Іле-Балқаш" резерваты аумағына төртінші рет жіберілуі – 2019 жылы 5 бұғы, 2020 жылы 15 және былтырғы жылы 61 бас.

Бұқар бұғысы ҚР Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Айта кетейік, бұқар бұғыларының Балқаш ауданына оралуы, жолбарысты Қазақстанға жерсіндіру бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. Оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Дүниежізілік жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп, БҰҰДБ қолдауымен іске асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу