Іле-Балқаш резерватына тағы 61 бұғы жіберіледі

1064

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Іле-Балқаш резерватында Қызыл кітапқа енген бұғылардың жіберілетінін жария етті. Резерватқа түз тағылары үшінші рет жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Іле-Балқаш резерватына тағы 61 бұғы жіберіледі

Іле-Балқаш резерватында бұқар бұғысының үшінші санағы өткен. Бұл санақ жұмыстарында бұғы саны ең көп тіркелген.

Еске сала кетейік, алғаш рет 2019 жылы резерват аумағына Бұқар бұғысының бесеуі жерсіндірілген еді. 2020 жылы оларға тағы 14 ересек бұғы мен 1 бұғының лағы қосылды.

"Экология министрлігі жабайы табиғат қорымен (WWF) бірге 61 бұғы енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бір жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шығару аймағында табиғатқа шыққан бұғыларды бақылау үшін фототұзақтар қойылды. Бұғылардың популяциясын бақылауды күшейту үшін жалпы 9 спутник жағабау пайдаланылады", - деп хабарлады Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Леонид Сидоренко.

Мамандардың айтуынша, бұл технологиялар бүкіл әлемде қолданылады. Олардың көмегімен бұғының қозғалысын бақылауға болады. Құрылғылар ауыртпалықсыз орнатылады және жануарларға ешқандай зиян келтірмейді.
Бұқар бұғысы Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында кең таралған. Алайда өткен ғасырдың басында бұл түр жоғала бастады. Бірнеше жылдан соң ол Қазақстанның табиғатынан мүлдем жоғалып кеткен. Бүгінгі таңда Бұқар бұғысының 3500-і ғана қалған.

"Іле-Балқаш резерватында Бұқар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру жұмысы өте табысты жүргізіліп жатыр. Біз бұғылардың бейімделгенін және бұғылардың сәтті төлдегенін көріп ортырмыз. Алдын-ала бағалау бойынша, қазіргі шығарылым мен туылған бұғыларды ескере отырып, табиғатта 100-ге жуық бұғы бар", - деді өз сөзінде WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.

Тоғай немесе Бұқар бұғысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және Бұқар бұғыларын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандуммен халықаралық деңгейде қорғалады. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының арқасында бұғы 100 жыл ішінде Оңтүстік Балқаш аймағында алғаш рет пайда болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу