Іле-Балқаш резерватынының аумағындағы өрттің жану аумағы 100 гектарға дейін азайды, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, ТЖД және "Іле-Балқаш" МҰБ" РММ күштерімен 5-кварталда өрт сөндіру жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жүргізіліп жатыр.
Министрлік елдімекендерге келер қауіп жоқ деп сендірді.
“28 маусымда сағат 13:40-тан бастап табиғи өртті сөндіру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-872 тікұшағы жұмылдырылды. Бүгінгі таңда көлемі 21 тонна 7 су ағызу жүзеге асырылды. Өрт ошақтарын сөндіруге ТЖД және "Іле-Балқаш" МҰБ" РММ 70-ке жуық қызметкер және 34 бірлік техника жұмылдырылды”, - делінген хабарламада.