9 шілдеде сағат 18.10-да өрт оқшауланып, 10 шілдеде сағат 11-24-те сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті "Іле-Балқаш" МТР" РММ және Алматы облысы ТЖД 26 адамы және 13 бірлік техникасы, оның ішінде мотопомпаларын, жүзу құралдарын пайдалана отырып сөндірді.
Еске сала кетсек, 6 шілдеде Алматы облысының ТЖД Қараой ауылынан 30 шақырым жердегі Қараой ауылдық округінде "Іле-Балқаш "МТР" РММ аумағында қол жетімділігі қиын, батпақты, жолсыз жерде қамыс жанған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу