Іле-Балқаш табиғи резерватында қамыс өртеніп жатыр

234

Алматы облысының өрт сөндірушілері құрғақ шөп өртімен күресіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іле-Балқаш табиғи резерватында қамыс өртеніп жатыр Фото: ТЖМ

Осы уақытта Алматы облысының Балқаш ауданында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр.

Қазавиақұтқару тікұшақтары әуеден 53 мәрте 159 тонна су төкті.

Өрттің алдын ала аумағы — 18 га.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

"Қиын батпақты жерлер және бағытын үнемі өзгертіп отырған қатты жел өрт ошақтарын сөндіруге қиындық туғызып жатыр", - дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу