Ильхам Алиев: Армения сарбаздарының мәйітін алудан бас тартып отыр

610

Қаза тапқандардың денесін алмасуды ұйымдастыру үшін бірнеше рет Қызыл Крестке жүгінген.

Ильхам Алиев: Армения сарбаздарының мәйітін алудан бас тартып отыр

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Қарабақтағы қақтығыс аймағында қаза тапқан жауынгерлердің денесін алмасу аясында Армения тарапы өз сарбаздарының мәйітін алудан бас тартып отыр, деп мәлім етті.

"Қаза тапқандардың денесі мен әскери тұтқындарды алмасу туралы біршама уақыттан бері айтылып келе жатыр. Алғаш рет гуманитарлық ниетпен бұл мәселе 10 қазан күні Мәскеуде сөз болған еді. Қаза тапқандардың денесін алмасуды ұйымдастыру үшін бірнеше рет Қызыл Крестке жүгіндік. Сіздерге бұдан да толығырақ мәлімет берейін, мен қаза тапқан армян әскерилерінің денелерін мүмкіндігінше тоңазытқыштарда, яғни салқын жерлерде сақтауға нұсқау бердім. Алайда армян тарапы оларды алудан әркез бас тартады", – деді Ильхам Әлиев.

Оның айтуынша, армяндық тарап денелерді алмасуды ұрыс болып жатқан жерлерде өткізуді ұсынған.

"Бізде мемлекеттік шекара бар. Товуз, Газах ауданында алмастырайық деймін. Сол себепті кеше қаза тапқан көптеген армян әскерилерінің денесін Арменияға біржақты беру туралы шешім қабылдадым. Сонымен қатар бізде Арменияға тапсырғымыз келетін екі азаматтық тұлға бар. Екеуі де қарт адам. Кеше ЕҚЫҰ кеңсесі мен Қызыл Кресті қатыстырып, соларды тапсыру үшін шекараға қарай көліктер жібердік. Бірақ армян тарапы оларды қабылдамай қойды. Қазір қаза тапқандардың денелері мен азаматтарын Грузия аумағы арқылы беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Ал егер олар сонда да қабылдамай қойса, не істеу керек екенін білмеймін", – дейді Әзербайжан президенті.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу