Ильхам Әлиев Әзербайжанның КСРО құрамына қосылуын "оккупация" деп атады

342

Әзербайжан басшысы сұхбат берді.  

Ильхам Әлиев Әзербайжанның КСРО құрамына қосылуын "оккупация" деп атады Фото: azertag.az

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Сауд Арабиясының "Аль-Арабия" телеарнасына сұхбат берді. Ол өз сөзінде Әзербайжанның Кеңес одағы құрамына оккупация салдарынан кіргенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап.

Әзербайжан басшысы Зангезур дәлізіне қатысты сұраққа жауап бере отырып, елдің қалай екіге бөлінгенін айтып берді.

"Бұл Әзербайжанды кеңестендірудің алғашқы айларында болды. 1917 жылы Ресей империясы ыдыраған соң Әзербайжан Демократиялық Республикасы құрылды. Бұл 1918 жылдың мамырында пайда болған мұсылман әлеміндегі алғашқы демократиялық республика еді. Ол 1920 жылдың сәуіріне дейін Ресей әскері Әзербайжанға басып кіріп, елді оккупациялағанға дейін өмір сүрді. 1917 жылы төңкеріс жасаған большевиктер елді алдап соқты. Біз өз мемлекетімізді құрдық. Алайда большевиктер оны бізден тартып алды", – деді Ильхам Әлиев.

Оның айтуынша, 1920 жылдың сәуірінде Ресей әскері Әзербайжанға басып кіріп, елді оккупациялаған. 

"Сол жылдың қарашасында кеңес үкіметі Әзербайжаннан Зангезурды тартып алып, оны Арменияға беру туралы шешім қабылдады. Бұл аймақты Батыс Зангезур деп атаймыз. Нәтижесінде Әзербайжан негізгі бөлік пен Нахчыван болып екіге бөлініп кетті. Олардың арасында Батыс Зангезур орналасқан. Кеңес дәуірінде бұл мәселе де емес еді, себебі шекара да, соғыс та болмады. Адамдар елдің негізгі бөлігінен Нахчыванға көлік немесе пойыз арқылы емін-еркін бара алатын. Бірақ Армения Әзербайжанға қарсы агрессияны бастағаннан кейін бұл жол үзілді. Олар дәлізді жауып тастады. Бүгінгі таңда Нахчыванға ұшақпен немесе Иран аумағы арқылы автобуспен не көлікпен жетеміз.  Кейде тіпті Грузия мен Түркия аумағы арқылы өтіп қана Нахчыванға барамыз. Бұл қолайсыздық туғызып отыр", – деді Ильхам Әлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу