Ильхам Әлиев Қарабақ армяндарына ескерту жасады

537

Президент "Азаматтық алмасаңдар, кетіңдер" деп ашық түрде мәлімдеді.  

Ильхам Әлиев Қарабақ армяндарына ескерту жасады Фото: news.zerkalo.io

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабақ армяндарын Әзірбайжан азаматтығын қабылдауды, олай болмаған жағдайда аумақты тастап кетуді ұсынды. Тіптен, Әлиев армяндарға бітімгершілік әскерлерінің жүк көліктерімен-ақ кете беріңдер деді, деп хабарлайды inbusiness.kz holod.media-ға сілтеме жасап.

Өздерін "эко-белсенділер" деп атайтын адамдар тобы бір айдан бері Таулы Қарабақтың басты қаласы Ханкендиден (Степанакерт) Арменияға Лачинский дәлізі арқылы өтетін жолды жауып тастаған. Әзірбайжан жағынан құрылған белсенді топтың арасында мемлекеттік қызметкерлер де бар.  Қазір бұл аумақта азық-түлік пен дәрі-дәрмектің тапшылығы пайда болды. Сонымен бірге Қарабақта табиғи газды жеткізу де қиындап кеткен.

"Мен Әзірбайжан туының астында (Таулы Қарабақта) тұрғысы келетіндерге жағдай жасалатынын тағы да айтқым келеді. Әзірбайжан азаматтары сияқты олардың құқықтары мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі", - деді Ильхам Әлиев.

Айта кетейік, Армения мен Әзірбайжан арасындағы соғысқа екі жылдан астам уақыт өтсе де, бейбіт келісімге қол қойылмаған.

"Кімде-кім  біздің елдің азамат болғысы келмесе, оларға жол ашық. Олар қалаған жағына кете алады. Ешкім оларға кедергі жасамайды, бітімгершілік (ресейлік) жүк көліктерімен де, автобуспен де (Арменияға) жол ашық", - деді Әзірбайжан Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу