Ильин мен Чиншанло 2020 жылғы олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін

1038

Ильин мен Чиншанло 2020 жылғы олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің келесі олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. 

"Ардагерлерден қазір бізде Ильин бар. 1988 жылы туылған. 29 жаста. Қазір біз халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімін күтіп отырмыз. 6 қазан күні Ильиннің ісіне байланысты отырыс өтті. Сондықтан шешімді асыға күтіп отырмыз. Оң нәтижесін береді деген сенімдеміз. Ильяның әлем чемпионатынды көріп қалатын шығармыз сонда. Тіпті ол Олимпиада ойындарына да қатысуы мүмкін.  Зульфия Чиншанлоға байланысты шешім де оң болатын болса, ол 2018 жылдың 25 мамырынан бастап өнер көрсете алады. Егер Азия ойындары туралы мәселені федерация шешетін болса, онда екеуі де Азия ойындары мен олимпиада ойындарына қатыса алады", - дейді Ни. 

Еске салайық, Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло допинг дауына байланысты алған алтындарынан айырылған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу