Польша ауыр атлетика қауымдастығының сайтының жазуынша, осы елдің спортшысы Шимон Колецки ресми түрде Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиаданың 94 келіге дейінгі салмақтағы чемпионы атанды, деп хабарлады Sports.kz-ке сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.
Бұл ақпаратты өзінің ресми сайтында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жария етті. Бейжіңде 2008 жылы алынған допинг-сынаманы қайта зерттеу нәтижесінде тыйым салынған зат алтын алған Илья Ильиннің, үшінші орын алған ресейлік Хаджымұрат Ақаевтың қанынан табылды. Ол кезде Шимон Колецки екінші, Грузияның атынан шыққан Арсен Касабиев - төртінші орынға ие болған еді. Енді олар, тиісінше, алтын, қола наградаларды алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу