Ілияс Азизов Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салып, кубоктік кезеңнің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
Ілияс гимнастикалық ат снарядында екінші орын иемденді. Бұл Қазақстан құрамасы мүшесінің әлем кубогі кезеңінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін айта кеткен жөн.
Осы жаттығуда өнер көрсеткен Нариман Курбанов 9-орыннан көрінді. Өкінішке қарай, Нариман жаттығу барысында қателік жіберіп, құлап қалды.
Еске сала кетейік, бүгін еркін жаттығудан өткен финалдық бәсекеде Милад Карими күміске иелік еткен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу