Ілияс Бақытжан Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды

366

Бұған дейін ол "Қазақстан цифрлық энергетика қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Ілияс Бақытжан Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Ілияс Нәссенұлы Бақытжан Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Ілияс Бақытжан 1982 Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келді. 

Қазақ гуманитарлық заң университетін. РФ Президентінің жанындағы ауылшаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы электр құралдарын шығарушы компанияда есепші болып бастады. 

Ол ұзақ жылдар бойы электр энергиясын өндіру мен бөлуге мамандандырылған коммерциялық құрылымдарда және тау-кен кәсіпорындарында жұмыс істеді. Әртүрлі жылдарда ішкі аудит басшысы, директор орынбасары, басқарушы директоры, бірінші басшының көмекшісі қызметін атқарған.

2019 жылы "Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 

2019-2022 жылдары — "Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы" АҚ-ның басқарма төрағасы.

2022-2023 жылдары — "Қазақстан цифрлық энергетика қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу