Ілияс Өсеров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

992

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ілияс Ерікұлы Өсеров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.  

Ілияс Өсеров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы "Сбербанк" АҚ әкімшісі, жетекші маманы, менеджері болып бастады.

2009-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде түрлі лауазымдар атқарды.

2010-2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2013-2014 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы.

2014-2015 жылдары – Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы; ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2015-2019 жылдары – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, бүгін сондай-ақ Бауыржан Бақытұлы Омарбеков ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.


 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу