Ілкі жоба қала қазынасына 18 млн теңге кіріс кіргізді

1263

Ілкі жоба қала қазынасына 18 млн теңге  кіріс кіргізді

"Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық" атты ілкі жоба іске асыру шеңберінде тиісті тіркеусіз пәтерді жалға берумен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталған шараны Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі елордалық мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдерімен бірлесе өткізуде.

Шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 1000-нан аса жеке кәсіпкер тіркелді, мемлекеттің кірісіне 18 млн теңгеден аса қаржы түсті.

"Жүргізіліп жатқан жұмыс оперативті жағдайға оң ықпал етіп, жалға берілетін пәтерлерде тұратын адамдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары мен Астана қ. МКД қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде қала бюджетіне 85 600 000 теңге кіріс түсті", - деп мәлім етті Астана қ. ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Госман Жакин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу