Илон Маск 20 миллиард доллардан айырылып қалды

1101

Tesla акциялары осы аптада 15%-ға арзандады. 

Илон Маск 20 миллиард доллардан айырылып қалды Фото: reuters.com

Tesla басшысы Илон Масктың байлығы 20 миллиард долларға азайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. Миллиардердің шығынға ұшырауына оның NBC телеарнасындағы Saturday Night Live шоуына қатысуы себеп болды. 

Бағдарлама 9 мамырда эфирде көрсетілген еді. Шоу кезінде Маск Аспергер синдромына шалдыққанын мойындап, Dogecoin криптовалютасын алаяқтық деп атаған болатын. Бірнеше күннен кейін кәсіпкер Tesla көлігін сатып алу барысында биткоинді пайдалануға тыйым салды. Эфирге дейін Масктың байлығы 166 миллиард долларға бағаланған еді. 

Оның мәлімдемесінен кейін ең қымбат криптовалюта бағасы 17%-ға түсіп, 47 мың долларға дейін төмендеді. Содан кейін Tesla акциялары да құлдырады. Осы аптада олар 15%-ға арзандады. Нәтижесінде миллиардерге 20,5 миллиард доллар көлемінде шығын келді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу