Илон Маск: 2021 жылы жер шары тұтастай интернетпен қамтылады

1670

Илон Маскқа тиесілі "Спэйс Икс" компаниясы төменгі орбитаға тағы 60 ғаламтор-жер серігін сәтті ұшырды. 

Илон Маск: 2021 жылы жер шары тұтастай интернетпен қамтылады

2021 жылы интернет әлемнің әр түпкіріне жетеді. Илон Маскқа тиесілі "Спэйс Икс" компаниясы төменгі орбитаға тағы 60 ғаламтор-жер серігін сәтті ұшырды. Осылайша Старлинк жобасы бойынша ғарыштағы спутниктердің саны 420-ға жетті, деп хабарлайды Atameken Business. 

Аппараттарды әуеге Флорида штатындағы НАСА ғарыш айлағынан ұшқан алып Фалькон-9 зымыран тасығышы жеткізді. Спутниктер 550 шақырым биіктікте тұрақтайды деп күтілуде.

Бұл "Спэйс Икст-тің" былтырдан бергі 7-рет құрылғылар тобын ұшыруы. Илон Масктың мәлімдеуінше, 2021 жылы орбитадағы жер серігінің саны 12 мыңға жетіп, бүкіл әлем қолжетімді интернетпен қамтылмақ.

Фото: ixbt.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу