Илон Маск адам миына чип салуға рұқсат алды

556

Клиникалық сынаққа қатысуға қабылдау әлі ашылған жоқ.    

Илон Маск адам миына чип салуға рұқсат алды Фото: img2.eadaily.com

Илон Маскқа тиесілі Neuralink энергетикалық технологиялық компаниясы компьютер мен телефонды қолсыз пайдалану үшін адамның миына чип енгізу үшін клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат алғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз клиникалық сынақ өткізу үшін АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмек басқармасының рұқсатын алғанымызды хабарлаймыз", - делінген бейсенбіде компанияның Twitter парақшасында.

Клиникалық сынаққа қатысуға қабылдау әлі ашылған жоқ.

Neuralink стартапын Маск 2016 жыдың шілдесінде миға электродтардың шексіз санын толығымен автоматты түрде имплантациялауға мүмкіндік беретін нейро интерфейстерді дамыту мен роботтар жасау бойынша жетекші мамандардың күш-жігерін біріктіру үшін ашты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу