SpaceX компаниясы алдағы онжылдықтарда Ай мен Марста өзін-өзі қамтамасыз ететін қалалар салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда мамандар Айдағы жобаны іске асыруға басымдық беріп отыр. Маск бұл бағытта алғашқы нәтижелерге 10 жылдан аз уақыт ішінде қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, SpaceX Марста қала салу жұмыстарын шамамен 5-7 жылдан кейін бастауды көздейді. Масктың түсіндіруінше, Марсқа ұшу тек әр 26 ай сайын болатын қолайлы астрономиялық кезеңдерде мүмкін, ал сапардың өзі шамамен алты айға созылады.
Ал Айға ұшуларды әр 10 күн сайын жүзеге асыруға болады, ұшу уақыты – екі күн. Осы себепті Айдағы қаланың құрылысы Марспен салыстырғанда әлдеқайда жылдам жүреді. Масктың бағалауынша, Марста толыққанды қала қалыптастыру үшін 20 жылдан астам уақыт қажет.