Өтемақыны алу үшін Маск алдағы 10 жылда аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс. Олардың ішінде жыл сайын миллион роботакси қызметін іске қосу, ЖИ арқылы басқарылатын миллион Optimus гуманоид роботын өндіру және Tesla-ның нарықтық капитализациясын 1,43 триллионнан 8,5 триллион долларға дейін өсіру талаптары бар.
АҚШ-тағы мемлекеттік зейнетақы қоры CalPERS секілді бірқатар ірі инвесторлар бұл шешімге қарсы шықты. Қордың мәліметінше, талаптар орындалса, Масктың компаниядағы үлесі 13%-дан 25%-ға артады, бұл оның ықпалын күшейтіп, бақылауды әлсіретуі мүмкін.
Басқару және технология саласының мамандары да қауіптерге назар аударады. Hertie басқару мектебінің профессоры Джоанна Брайсонның айтуынша, "бір адамның шамадан тыс қаржылық күші хаос туғызуы мүмкін".