Илон Маск әлеуметтік желі арқылы Иран басшысына тосын сауал жолдады

175

SpaceX пен Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиге әлеуметтік желіде күтпеген сұрақ қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Илон Маск әлеуметтік желі арқылы Иран басшысына тосын сауал жолдады Фото: AFP

Әлемдегі ең бай адам саналатын Маск X платформасында Хаменеи парақшасындағы жазбаның астына пікір қалдырған.

"Америка үлкен шайтан ба, әлде ұлы шайтан ба?", – деп жазды Маск Хаменеи жазбасына жауап ретінде.

Бұл пікір АҚШ пен Иран аясындағы шиеленіс тұсында жазылып тұр. 22 маусымға қараған түні АҚШ Әуе күштері Ирандағы үш ядролық нысанға соққы берді. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл шабуылдардың мақсаты Иранның уран байыту инфрақұрылымын жою екенін мәлімдеген еді.

Дегенмен 23 маусымда Иран армиясы "Жеңіс туралы қуанышты хабар" операциясы аясында алты зымыранды Катарға, ал біреуін АҚШ әскери базалары орналасқан Ирак аумағына атты. Press TV мәліметінше, үш зымыран Катардағы АҚШ әуе базасына дәл тиген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу