Tesla компаниясының басшысы және ChatGPT-ті әзірлеген OpenAI компаниясының тең негізін қалаушы Илон Маск АҚШ Сенатында технологиялық сектордың жетекші өкілдерінің қатысуымен өткен жабық отырыста ерекше бастама көтерді.
Ол елде жасанды интеллект саласының (AI) дамуын қадағалайтын федералды агенттік құруды ұсынды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі MarketWatch-ке сілтеме жасап.
Масктың айтуынша, мұндай агенттікті компаниялардың қауіпсіз және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ететін "төрешімен" салыстыруға болады.
Кездесуге Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс, Meta (SPB: META) басшысы Марк Цукерберг те қатысты.