Илон Маск банкрот деп танылған Silicon Valley Bank-ті сатып алуы мүмкін

618

Бұл туралы кәсіпкер Twitter-дегі парақшасында жазды.  

Илон Маск банкрот деп танылған Silicon Valley Bank-ті сатып алуы мүмкін Фото: cryptopolitan.com

Америкалық миллиардер Илон Маск банкротқа ұшыраған АҚШ-тағы ең ірі банктердің бірі Silicon Valley Bank-ті (SVB) сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен бұл идеяны талқылауға дайынмын", - деп жауап берді Маск әлеуметтік желі қолданушыларының біріне.

11 наурызда Калифорнияның цифрлық реттеуші агенттігі көлемі бойынша АҚШ-тағы 16-шы ірі банк SVB-ны банкрот деп жариялады. Несиелік ұйым стартаптарға икемделген.

SVB-ның банкроттығы 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі қаржы саласындағы ең ірі оқиға ретінде бағаланады, ол - АҚШ тарихындағы Washington Mutual Bank-тен кейін банкроттыққа ұшыраған екінші ірі банк.

FDIC барлық сақтандырылған депозиттерді SVB-нің өзі Deposit Insurance National Bank of Santa Clara-дан ашқан жеке шотына аударды.

АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен жұмада реттеуші органдармен кездесіп, SVB айналасындағы жағдайды реттей алатындықтарына сенім білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Нью-Йорктегі Signature Bank жабылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу