Илон Маск бір тәулікте 16 млрд долларынан айырылды

500

Tesla Inc акциялары 9%-ға төмендеген.

Илон Маск бір тәулікте 16 млрд долларынан айырылды Фото: ixbt.com

Америкалық кәсіпкер Илон Масктың байлығы бір күнде 16 миллиард долларға азайды. Бұған Bloomberg Billionaires Index мәліметтері дәлел.

Маск Tesla Inc акцияларының 9%-ға төмендеуіне байланысты 16 миллиард доллар жоғалтты. Компанияның тоқсандық кіріс пен сату болжамдары орындалмағандықтан компания акциялары 9,3 пайызға төмендеді. Кәсіпкер электромобиль шығаратын компанияның 13 пайыз акциясына ие.

Дегенмен, Twitter иесі, SpaceX негізін қалаушы және Tesla бас директоры бұрынғыдай әлемдегі ең бай адам болып отыр. Bloomberg оның қазіргі байлығын 210 миллиард долларға бағалайды. Жылдық есеппен алғанда Илон Маск 72,6 миллиард долларға байыған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу