Илон Маск болашақта балаларының санынан шатасып кетуі мүмкін

Оның 14-рет әке атанғанын BILD басылымы хабарлады. 

Илон Маск болашақта балаларының санынан шатасып кетуі мүмкін Фото: strana.ua

Әлемге әйгілі миллиардердің дүниеге келген ұлының есімі – Селдон Ликург, деп жазды inbusiness.kz сайты. 

Соңғы туған баланың анасы – Сиобхан Зилис. Ол – SpaceX және Neuralink компанияларының бұрынғы қызметкері. Танымал миллиардер онымен бірге үш баланы тәрбиелеп келеді. 

Зилис X әлеуметтік желісіне жазған жазбасында үшінші баласының есімін жариялады. 

Жақында бір жасқа толған қызының аты – Аркадия. Блогер Эшли Сент Клэр таяуда Маскпен бірге R.S.C есімді ұлды дүниеге әкелгенін айтқан еді. Кәсіпкердің өзі мұны растамағанымен, сот оны қорғаншылық мәселесі бойынша сот отырысына қатысуға міндеттеген. 

Маск төрт әйелден кем дегенде 14 бала сүйген. Оның канадалық жазушы Джастин Маскпен некеде дүниеге келген бірінші баласы сәби кезінде шетінеген болатын. Кейін ерлі-зайыптылар егіз және үшемді дүниеге әкелді. Миллиардер әнші Гримстен тағы үш баласы бар, олардың арасында әйгілі X Æ A-Xii есімі ерекше аталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу