Илон Маск Дональд Трамптың заң жобасын сынады

149

Бұл құжатты басқа сарапшылар да сынға алған. 

Илон Маск Дональд Трамптың заң жобасын сынады Фото: Axios

Таяуда ғана Ақ үйдегі қызметінен кеткен миллиардер Илон Маск Дональд Трамптың салыққа қатысты жаңа заң жобасын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Заң жобасы "One Big Beautiful Bill" деп аталады. Мамыр айында Өкілдер палатасы қабылдаға құжатты қазір Сенат қарап жатыр.

Масктың сөзінше, бұл заң жобасы федералды бюджет тапшылығын 2,5 трлн долларға дейін ұлғайтады. Оған қоса қарапайым америкалықтардың қарыз жүктемесін одан сайын арттыруы мүмкін.

"Кешіріңіздер, бірақ мен бұдан артық шыдай алмаймын. Бұл шектен тыс шығындар туралы заң жобасы. Оған дауыс бергендер, сіздер, дұрыс емес істегендеріңізді білесіздер", - деп жазды SpaceX иесі.

Сөзінше, құжат Мемлекеттік басқару тиімділігі жөніндегі департаменттің (DOGE) жұмысына нұқсан тигізеді.

Маск бұған дейін де АҚШ-тың бюджет тапшылығына алаңдаушылық білдірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу