Илон Маск екінші адамның миына чип орнатты

244

Neuralink клиникалық сынақтар аясында тағы сегіз пациентке импланттарды орнатуды жоспарлап отыр. 

Илон Маск екінші адамның миына чип орнатты Фото: telegraf.news

Neuralink екінші сынақтан өткен пациенттің миына чип орнатты,  деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Мұны Илон Маск америкалық-ресейлік ғалым Лекс Фридманның подкастында айтты. Чип сал ауруына шалдыққан адамдарға сандық құрылғыларды өз ойларының күшімен пайдалануға мүмкіндік беру үшін жасалған.

“Екінші имплантпен бәрі сәтті өтті. Көптеген сигналдар мен электродтар бар. Барлығы тамаша жұмыс істейді", – деді Илон Маск.

Америкалық миллиардер екінші науқасқа қашан операция жасалғанын нақтыламады. Бірақ биыл Neuralink клиникалық сынақтар аясында тағы сегіз пациентке импланттарды орнатуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу