Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX компанияларының иесі Илон Маск әлемдегі ең бай адамдардың бестігіне ілікті. Бұл туралы Forbes басылымы хабарлады.
Ресми дерек бойынша, Маск осы күнге дейін 74,2 миллиард доллар тапқан. Наурыз айының ортасында ол бұл тізімде 31-ші орында болған еді. Соңғы үш айда оның байлығы үш есе өсіп, Tesla акцияларының құны 2020 жылдың басынан бері 300%-ға қымбаттаған.
Ең ауқатты адамдар тізімінде Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос көш бастап тұр (189 млрд доллар). Одан кейінгі орында Louis Vuitton Moet Hennessy басшысы Бернар Арно (113,8 млрд доллар). Microsoft корпорациясының басшысы Билл Гейтс үшінші орынға табан тіреді (113,8 млрд доллар). Төрттікті 90,3 млрд доллар жиған Facebook-тің негізін қалаған Марк Цукерберг түйіндеді.
Табиғат Нұрболат
Фото: forbes.com