Илон Маск есірткіге қатысты тапсырған сараптама нәтижесін жариялады

271

Бұл жөніндегі медициналық құжаттарды X әлеуметтік желісінде бөлісті.    

Илон Маск есірткіге қатысты тапсырған сараптама нәтижесін жариялады Фото: x.com/elonmusk

Америкалық кәсіпкер Илон Маск есірткіге тапсырған тест нәтижесін көпшілікке көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талдау нәтижесіне сәйкес, Масктың қанынан тыйым салынған заттар табылмаған.

Кәсіпкер кокаин, кетамин, барбитураттар, каннабиноидтар және басқа да есірткі түрлеріне тексеруден өткен.

Еске салайық, бұған дейін The Washington Post басылымы дереккөзге сілтеме жасап, АҚШ Президенті Дональд Трамптың бір телефон әңгімесінде Маскты "созылмалы нашақор" деп атағанын жазған еді. Алайда кейін Трамп Масктың Ақ үйде есірткі қолданғанын білмейтінін айтып, оған жақсылық тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу