Илон Маск Израиль президентімен және ХАМАС кепілге алғандардың отбасыларымен кездеспекші

484

Израильдің Channel 12 телеарнасы миллиардердің Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен де кездесетінін хабарлады. 

Илон Маск Израиль президентімен және ХАМАС кепілге алғандардың отбасыларымен кездеспекші Фото: AP

Дүйсенбі күні Илон Маск Израиль президентімен және ХАМАС содырлары кепілге алғандардың отбасыларымен кездесетіні белгілі болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Кездесуде интернеттегі антисемитизмнің өсуіне қарсы тұру үшін әрекет ету қажеттілігіне баса назар аударылады", — деп мәлімдеді Израиль президентінің кеңсесі.

Tesla және SpaceX басшысы, миллиардер Илон Маск Израиль президенті Ицхак Герцогпен және ХАМАС тұтқындаған кепілге алынғандардың отбасыларымен кездеседі.

"Кездесуде президент интернеттегі антисемитизмнің күшеюімен күресу үшін әрекет ету қажеттілігіне назар аударады", — делінген Масктың сапары туралы бір күн бұрын жариялаған Герцог кабинетінің мәлімдемесінде.

Израильдің Channel 12 арнасының хабарлауынша, миллиардер Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен де кездеседі. Алайда, министрлер кабинеті басшысының кеңсесі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ. Масктың сапары Израильдің ХАМАС-пен соғысындағы төрт күндік бітіммен тұспа-тұс келді, оның барысында содырлар кепілге алынған 40 израильдікті босатқан.

Еске сала кетсек, қыркүйек айында Маск пен Нетаньяху Калифорнияда кездесті. Содан кейін, премьер-министр миллиардерді X (бұрынғы твиттер) әлеуметтік желісінде  өшпенділік сөздері мен антисемиттік мазмұнның таралуымен күресуге шақырды. Бұған жауап ретінде Маск антисемитизмге және "Жек көрушілік пен қақтығысты насихаттайтын" барлық нәрсеге қарсы екенін алға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу