Илон Маск Канада азаматтығынан айырылуы мүмкін

430

Елде миллиардерді қос азаматтықтан айыратын петиция басталды.

Илон Маск Канада азаматтығынан айырылуы мүмкін Фото: dzen.ru

Канада Премьер-министрі Джастин Трюдо Илон Масктың қос азаматтығын жоюға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Канадалықтар оны "елдің ұлттық мүддесіне қайшы келетін әрекеттермен айналысады" деп сынға алды.

Жазушы Квалиа Рид бастаған және Жаңа Демократиялық партияның (NDP) депутаты Чарли Ангус қолдаған қол жинау науқанына мыңдаған канадалық азамат қатысты.

Премьер-министр Джастин Трюдо Оңтүстік Африкада дүниеге келген Илон Масктың қос азаматтығын жоюға және анасы арқылы алған Канада азаматтығынан айыруға шақырды.

– Петицияда кәсіпкер Илон Маск "байлығы мен билігін Канададағы сайлауға ықпал ету үшін пайдаланады" және "Канада егемендігін жоюға тырысатын шетелдік үкіметтің мүшесі", – делінген.

Айта кетейік, 50 мыңнан астам адам қол қойған петиция 20 маусымда Қауымдар палатасына ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу