banner

Илон Маск қазақстандық студенттермен кездеседі

1163

 Кездесу 1 мамырда ZOOM платформасында өтеді. 

Илон Маск қазақстандық студенттермен кездеседі

Америкалық танымал кәсіпкер, инженер Илон Маск қазақстандық колледж студенттерімен кездеседі. Бұл туралы Экономика, бизнес және құқық еуропалық жоғары колледжінің құрылтайшысы Талғат Төремұратов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

"2021 жылдың 9 наурызында SpaceX компаниясының негізін қалаушы, бас директоры және бас инженері, Tesla компаниясының бас директоры, бас инженері Илон Маскпен ұзақ сөйлестік. Нәтижесінде ол ZOOM платформасында қазақстандық колледж студенттерімен кездесуге келісті. Кездесу осы жылдың 1 мамырына жоспарланып отыр", - деп жазды құрылтайшы Facebook-тегі жеке парақшасында. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу