Илон Маск Нобель сыйлығына ұсынылды

292

Миллиардер сөз бостандығын қорғауға қосқан үлесі үшін сыйлыққа ұсынылмақ.

Илон Маск Нобель сыйлығына ұсынылды Фото: Reuters

Норвегиялық депутат америкалық миллиардер Илон Маскты сөз бостандығын қорғауға қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Daily Mail басылымының мәліметінше, депутат Мариус Нильсен X компаниясының иесі, Tesla-ның негізін қалаушыны Илон Маскты Нобель сыйлығына ұсыну себебі – миллиардер "сөз бостандығын табандылықпен қорғап, барған сайын “поляризацияланған әлемде" өз көзқарасын білдіре алады. 

“Маск негізін қалаған немесе басқаратын көптеген технологиялық компаниялар қоғамды жақсартуға, Жер мен ғарыш туралы көп білуге және бүкіл әлем бойынша байланыс орнатуға бағытталған. Олар әлемді байланысқан және қауіпсіз жерге айналдырды”, – дейді депутат Мариус Нильсен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу