Илон Маск өзіне тиесілі екі компанияны біріктірді

265

xAI компаниясы жасанды интеллект жүйелерін әзірлеумен айналысады.

Илон Маск өзіне тиесілі екі компанияны біріктірді Фото: nur.kz

Америкалық кәсіпкер Илон Маск өзіне тиесілі SpaceX компаниясы мен xAI стартапын біріктіретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Илон Масктың мәлімдемесі SpaceX сайтында пайда болды. Оның айтуынша, екі компанияны біріктіру жасанды интеллектті дамытуға, зымыран жасауға, интернет қызметін ұсынуға және әлеуметтік медианы дамытуға мүмкіндік береді. Әзірге келісімнің шарттары жарияланбады. Десек те, оқиғадан хабары бар дереккөздердің ақпаратына сәйкес, мәміле аясында xAI компаниясы 125 миллиард долларға, ал SpaceX 1 триллион долларға бағаланып отыр. Бұл SpaceX ғарыш компаниясын тарихтағы ең қымбат жекеменшік компанияға айналдырады.

Қаңтар айында Илон Маскқа тиесілі Tesla компаниясы xAI стартапына 2 миллиард доллар инвестиция құятынын мәлімдеді. Сол уақытта S және X модельді электромобильдерді шығару азаятыны, зауытты Optimus роботтарын өндіруге бейімдеу жалғасатыны белгілі болды.

xAI компаниясы 2022 жылы Илон Маск X әлеуметтік желісін сатып алғаннан кейін құрылған болатын. 2025 жылдың көктемінде xAI дербес компанияға айналды. Кейін бұл стартап X платформасын сатып алды. Grok чат-боты xAI-дың басты өнімі болып саналады. Қаңтарда xAI заң талаптарын бұзуы мүмкін бейнелерді жасауға шектеулер енгізілгенін мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу