Миллиардер Илон Маск XChat атты мессенджерді іске қоспақшы, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа мессенджер X желісінде аккаунты бар қолданушыларға ғана қолжетімді болады. Қосымшада хат алмасу шифрланған, онда дыбыстық және бейнеқоңыраулар, файл алмасу, топтық чаттар, сондай-ақ хабарламаларды өңдеу және жою мүмкіндігі секілді функциялар болады.
Ақпаратқа сәйкес, XChat интерфейсі минимализм стилінде әзірленбек. Сонымен қатар жаңа мессенджерде мүлдем жарнама болмайды.
Оның басқалардан басты ерекшелігі – қоңырау шалу үшін телефон нөмірін көрсетудің қажеті жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу