Илон Маск Tesla компаниясының директорлар кеңесінен кетеді

1011

Бірақ ол Tesla-ның бас директоры қызметін сақтап, өзіне тағылған кінәні мойындамауға құқылы. 

Илон Маск Tesla компаниясының директорлар кеңесінен кетеді

Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск 20 миллион доллар айыппұл төлеп, директорлар кеңесінен 3 жылға аластатылады, деп хабарлайды 24.kz.

Бірақ ол Tesla-ның бас директоры қызметін сақтап, өзіне тағылған кінәні мойындамауға құқылы.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржа бойынша комиссиясы Илон Маскқа "алаяқтыққа барған болуы мүмкін" деген айып таққан болатын. Бұған кәсіпкердің Tesla компаниясына қатысты жасаған мәлімдемесі түрткі болса керек.

Тамыздың басында Илон Маск өзіне Tesla-ның барлық акцияларын сатып алуға көмектесетін сенімді акционердің бар екенін айтқан еді. Бұл мәлімдемеден кейін компанияның құнды қағаздары қымбаттап, сосын лезде арзандап кетті. Бұдан инвесторларға миллиондаған доллар шығын келді. Осы жайттан кейін Илон Маскқа қарсы іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу