Илон Маск Tesla зауытын өртегендерді "топас экотеррористер" деп атады

306

Өртеу жауапкершілігін зауытта артық жұмыс күші мен ресурс пайдаланылды деп санайтын ультра солшыл топ өз мойнына алды. 

Илон Маск Tesla зауытын өртегендерді "топас экотеррористер" деп атады Фото: Автостат

Илон Маск электромобиль өндірісінің тоқтауына себеп болған Берлин маңындағы Tesla зауытына өрт қою әрекетін ақымақтық деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Өртеу жауапкершілігін зауытта артық жұмыс күші мен ресурс пайдаланылды деп санайтын ультра солшыл топ өз мойнына алды.

Компанияның өзі өндірістің келесі аптаға дейін қайта басталуы екіталай екенін және тоқтап қалған залал тоғыз таңбалы сомаға бағаланатынын хабарлады.

Tesla Германиядағы өндірісін екі есе арттырғысы келеді, бірақ бұл жоспар экологтардың наразылығын туғызды.

X әлеуметтік желісіндегі жазбасында Маск өртеу әрекетіне қатысты немістің "extrem dumm" сөзін қолдана отырып, оны "өте ақымақ" бастама деп атады.

"Олар — әлемдегі ең ессіз экотеррористер немесе дұрыс экологиялық мақсат қоя алмайтындардың қолындағы қуыршақтар", -деп жазды ол.

Өз кезегінде өздерін Volcano Group деп атайтын белсенділер компанияны жерасты суын ластады және ауыз суды тым көп пайдаланды деп айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу