Илон Маск TikTok желісі жайлы жоспарын айтты

185

Миллиардер TikTok-ты сатып алу ниеті жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Илон Маск TikTok желісі жайлы жоспарын айтты Фото: www.azerbaycan24.com

"Мен TikTok-ты сатып алу туралы ұсыныс жасаған жоқпын", – деп қысқа қайырды Илон Маск.

Сөзінше, қазіргі X деп аталатын Twitter желісін сатып алу өзі үшін ерекше оқиға болған.

"Мен әдетте компанияларды нөлден бастап көтеремін", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу