Америкалық кәсіпкер, Tesla иесі Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамппен тікелей байланысқа түсіп, жаңа кедендік салықтарды алып тастауын сұраған. Бұл туралы The Washington Post басылымы екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Дереккөздердің айтуынша, Масктың Трампқа тікелей жасаған өтініші әлі тиісті нәтижесін берген жоқ.
Еркін сауданы қолдайтын Маск, X желісінде Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридманның видеосын жариялады. Онда ғалым қарапайым қарындаштың мысалында әлемнің түкпір-түкпірінен заттар біріктіріліп, өндіріс процесіне қалай атсалысатынын түсіндіреді.
Дереккөздерге сүйенсек, протекционизм саясатының салдарынан болуы мүмкін залалды түсінген Маск пен басқа да кәсіпкерлер Трампты қолдауды жалғастырды.
Маск және басқа кәсіпкерлердің пікірінше, Трамптың енгізген жоғары салықтары әлемдік компанияларға, оның ішінде Tesla компаниясына зиян келтіріп, америкалықтардың салық жүктемесін арттырады.
Tesla акциялары жаңа тарифтер жарияланғаннан кейін 2,5 пайызға арзандап, жыл басынан бері компанияның құны 38 пайызға төмендеген.
Масктың туысы Кимбал Маск та әлеуметтік желіде өзінің наразылығын жеткізді.
"Трамп ең жоғары салықтар салған АҚШ президенті болатынын кім ойлаған?", - деп жазды ол.